"Инвестиция құямын". Әлемге танымал ІТ маманы Павлодарға не үшін келгенін айтты

АҚШ-та орналасқан "5518 Studios" компаниясының негізін қалаушы Максим Михеенко Павлодардағы ақпараттық технологиялар колледжінде оқушылар және студенттерге шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның Павлодарға келудегі мақсаты – талантты жастарды тауып, қабілеттерін ашу, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

"Біз өзімізге серіктестер іздеу мақсатында ТМД елдеріне гастрольдік сапарға шығып жатырмыз. Оларға инвестиция құятын боламыз. Ойын индустриясында жұлдызды командаларды іздейміз және оларды халықаралық нарыққа шығарғымыз келеді. Оған қоса, менің жеке әлеуметтік миссиям – жастарға IT саласында өз орындарын табуға көмектескім келеді, өйткені бір кездері үлкендер маған көмектесті". Максим Михеенко

Кездесу барысында Максим Михеенко оқушылар мен коллледж студенттері арасында шағын ойын өткізіп, жеңімпаз атанған қатысушыға 1 айға Netflix пен Disney қосымшасына тегін жазылым сыйлады.

Айта кетесек, "5518 Studios" компаниясы әлемдегі ірі студияларға 2D және 3D графикалар жасаумен айналысады. Олардың қатарында Call of Duty, Marvel’s пен Spider-Man бар.

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: