Алматы әкімдігі 2GIS компаниясымен бірлесіп қаланың көрікті жерлерін картаға енгізді

Сурет: Zakon.kz
Алматының 2GIS картасы 1 желтоқсаннан бастап қаланың басты көрікті жерлері мен мәдениет ескерткіштерімен толықты. Картаға барлығы 71 негізгі құрылыс пен ғимарат енгізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Енді қаланың әрбір тұрғыны мен қонағы 2GIS мобильді қосымшасында көрікті жерлердің, археологиялық орындардың, сәулет ғимараттарының, монументалды өнер құрылыстарының, ансамбльдер мен кешендердің картаға түсірілген тізімін көре алады. Бұл пайдаланушыға көрікті жерлерді табуды жеңілдетеді және қолдануға өте ыңғайлы".      Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ғимараттар мен көрікті орындарды көру үшін "Алматының көрікті жерлері" қосымшасын теру немесе мына сілтеме бойынша кіру керек.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды