Википедия сайты "сынып қалды"

Сурет: pixabay
Бүкіл әлем бойынша интернет қолданушылары "Википедия" сайтына кіруде мәселе туындағанына жаппай шағымдана бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Глобальды ақауды Downdetector да тіркеді.

Аталған интернет-ресурс Ресей, АҚШ және Еуроодақ пайдаланушылары үшін де ашылмай тұр. 

Википедияны ашқысы келгендердің алдында "техникалық проблема" туралы хабарлама шыға келуде. Ресей аумағындағылар энциклопедияның орыс тіліндегі нұсқасын ғана аша алмауда. 

Wikimedia Foundation техникалық қызмет мамандары жедел әрекет етіп, ақауларды жоюмен айналыса бастағанын хабарлады. 

Википедия - бұл барлық интернет қолданушылар мақалаларын орналастырып, ондағы мәтіндерді редакциялау мүмкіндігіне ие онлайн-энциклопедия. Қазіргі уақытта ол электронды энциклопедиялар арасындағы мақалалардың ауқымы мен саны бойынша ең үлкені болып табылады, онда 306 тілдік бөлім бар. Барлығы 55,6 миллион мақаланы қамтиды, сайтқа кірушілер саны айына шамамен 1,7 миллиард адамды құрайды.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды