Президент нано және биотехнологияға негізделген өндіріс елде мүлдем жоқ екеніне тоқталды

Сурет: pexels
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, "Машина жасау, мұнай-химия саласындағы, яғни төртінші деңгейдегі өндірістің үлесі – 34%, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалған 1 пайызы микроэлектроника, роботтандыру және IT салаларында немесе бесінші деңгейдегі технологиямен жұмыс істейді.

"Нано және биотехнологияға негізделген алтыншы деңгейдегі өндіріс бізде мүлде жоқ. Бұл жағдай көш соңында жүргенімізді көрсетеді. Ғылымның анағұрлым озық салалары бойынша тым артта қалып келе жатырмыз. Мен нақты цифрларды мысалға келтірдім. Оны мойындауымыз керек". Мемлекет басшысы

Сонымен қатар ол дамыған елдерде кәсіпорындардың тең жартысынан көбі – бесінші, ал 5 пайызы – алтыншы деңгейге жеткенін айтты.


"Бір сөзбен айтқанда, біздің өндірістеріміз олармен салыстырғанда артта қалған. Бұл айырмашылықты жою – еліміз үшін өте өзекті мәселе. Сондықтан ғалымдарымызға айрықша міндет жүктеледі", - деді президент Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді

Қазақстан мен Черногория сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астанада жалған нөмір таққан жүргізушілер жауапқа тартылды

Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді