Жетекші университеттер білім беруде жасанды интеллектіні әдепке сай пайдалану жайын сөз етті

Сурет: pixabay
Құрамына Оксфорд, Кембридж, Бристоль және Дарем сияқты институттар кіретін Russel Group университеттерге жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануға көмектесетін принциптер жинағын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Russel Group университеттерінің 24 вице-канцлері қолдаған мәлімдемеде ChatGPT сияқты құралдарды этикалық нормаға сай және жауапкершілікпен пайдалануды қолдайтынын, алайда академиялық адалдықты сақтауға күш салу керек екені айтылды, деп хабарлады Sky News.

ChatGPT – сұрақтарға, сценарийлерге жауап бере алатын және эссе жаза алатын мәтінге негізделген генеративті қолданба. Бірақ кейбір студенттер оны тапсырма орындау үшін пайдалануы мүмкін деген алаңдаушылық бар.

Дегенмен, университеттер мәлімдемеде генеративті жасанды интеллектіні оқыту мен бағалауда қолдану "студенттердің оқу сапасын арттыруға, сыни ойлау дағдыларын жақсартуға және студенттерді генеративті жасанды интеллекті технологияларын нақты өмірде қолдануға дайындауға әлеуеті бар" екені айтылған.

"Студенттердің оқуын қолдайтын барлық қызметкер қажет болған жағдайда генеративті жасанды интеллект құралдарын шығармашылық пайдалануды қамтитын оқу сессияларын, материалдар мен бағалауларды әзірлей алуы керек". Russel Group мәлімдемесі

Ұлыбританияның білім министрі Джиллиан Киган мамыр айында генеративті жасанды интеллектіні білім беру орындарында қалай қолдануға болатынын дәлелдеуді сұрады. Елдегі кейбір емтихан комиссиялары жасанды интеллектіден көшіріп алмау үшін студенттерге  тапсырманы "оқу орнында тікелей бақылаумен" орындауға мәжбүрлеуді ұсынды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды