Қазақстанда, Ресейде Telegram мен Whatsapp мессенджерлері істемей қалды

Сурет: pixabay
Қазақстан мен Ресейде Telegram арнасы мен Whatsapp мессенджері біраз уақыт істемей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қос танымал мессенджерде пайда болған жаппай ақау туралы хабарлама Өзбекстаннан да келіп түскен.  Қазақстанда аталған желілер шамамен 10-15 минут бойы жұмыс істемесе, Ресейде техникалық ақау шамамен жарты сағатқа созылған. 

Әсіресе, Telegram арнасы қатты "зардап шеккен". Пайдаланушылар компьютердегі де, мобильді нұсқадағы қосымша да жұмыс істемегенін, хабарламаны жіберу немесе оны алу мүмкін болмай қалғанын айтады. Whatsapp жағдайында компьютердегісі уақытша "қатып қалған", ал мобильді қосымшасындағысы кідірістермен болсын, бірақ жұмыс істеп тұрған.  

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті