АҚШ билігі Claude-ні өшірді

Сурет: iphones.ru
Claude AI көмекшісін жасаушы америкалық Anthropic компаниясы АҚШ билігінен міндеттеме алып, Fable 5 және Mythos 5 модельдерін толығымен өшіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған экспорттық бақылау және ұлттық қауіпсіздік мәселесі түрткі болғаны айтылады.

"Директиваның шарттары бойынша шетелдік азаматтарға АҚШ-тан тыс жерлерде де, ел ішінде де модельдерге қол жеткізуге тыйым салынады. Шектеулер, тіпті Anthropic-тің шетелдік қызметкерлерін де қамтиды. Компанияның қалған модельдері өзгеріссіз өз жұмысын жалғастыруда. Anthropic мәліметтері бойынша, тексеруге Fable 5-те қорғаныс механизмдерін айналып өту мүмкіндігі негіз болуы мүмкін", делінген компания хабарламасында.

Бұл америкалық үкіметтің қауіпсіздік мақсатында белгілі бір AI модельдерге қолжетімділікке тыйым салған алғашқы жағдай. Аталған жайт AI реттеуі декларациядан нақты шектеулерге ұласатынын және озық үлгілерге қол жеткізу геосаясат мәселесіне айналып бара жатқанын көрсетеді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы