Дөңгелек үстел басында ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз тас жолы құрылысының бастағанына 4-5 жыл болғанын, биыл 8 млрд теңгенің орнына республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінген айтып, министрден тас жолдың қашан салынып бітетінін сұрады.
Оған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшысы жол салуды аяқтау үшін әлі 9,5 млрд теңге қажет екенін айтты.
Бұл жоба бойынша мердігерлер жұмыстарын жақсы жүргізіп жатыр. Аяқтау үшін 9,5 млрд теңге керек болып тұр. Министрлік тарапынан наурыз айында бюджетті жоспарлаған кезде ұсынысымызды береміз. Егер үкімет қолдап, тиісті қаражатты бөлсе толығымен жобаға жұмсалып биыл жол құрылысы аяқталады деп күтіп отырмыз.ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму министрі Қайырбек Өскенбаев
Сондай-ақ министр үкіметтен ақша бөлінсе, нақты мерізімін айтатынын атап өтті.