Комиссия қорытындысы. Петропавлдағы жылу орталығы мұржасының құлау себебі аталды

Сурет: Instagram/dtp_sko
Петропавл ЖЭО-2-дегі №1-ші түтін мұржасының құлауы бойынша ҚР Энергетика министрлігі белгілеген Технологиялық бұзушылықты тексеру жөніндегі комиссияның алдын ала мәліметі жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, түтін мұржасындағы түтін газдарының минималды температурасына сәйкес келмейтін бу қазандықтарының жұмыс режимдерінің бұзылуы болып табылады. Мұржаның бойындағы шығатын газ температурасының төмендеу факторы «шық нүктесінің» шығуына және мұржаның ішкі бетінде су конденсатының пайда болуына, ал конденсат қазандықтан шығатын газдың басқа қоспаларымен (күкірт қышқылы SO2) қосылып, қышқылдарға айналғандығы болуы мүмкін. Қышқылдың әсер етуі бетонның мерзімінен бұрын және түтін мұржасының негізінің бұзылуына алып келді.ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ құзырлы ведомствоның хабарлауынша, № 1-ші түтін мұржасының техникалық жағдайын анықтау үшін және қазандықтардың пайдалану режимдерін, оның ішінде шығатын газдың температураларын сақтау бойынша сараптамалар жүргізу белгіленді.

Технологиялық бұзушылықты тексеру бойынша комиссия жұмысы бұдан әрі жалғасады. ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады