Қазақстан мен Андорра өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды

Сурет: Сыртқы істер министрлігі
Андорра Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді елімізге алғашқы ресми сапары аясында Андорра Сыртқы істер министрі Мария Убахпен келіссөздер өткізді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Бұл біздің елдеріміз арасындағы бірінші үкіметаралық келісім болды, – делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қазақстан мен Андорра екіжақты ынтымақтастығы тұрақты, үдемелі сипатқа ие, сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталғанын атап өтті. Ең озық және перспективалы бағыт – туристік сектор. Қазақстан мен Андорра халықаралық құрылымдарда бір-біріне өзара қолдау көрсетеді, Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясы мен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы алаңдарында парламентаралық байланыстарды дамытады.

Сапар барысында М.Убахты премьер-министр Әліхан Смайылов қабылдайды, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханмен кездеседі. Сонымен қатар парламент сенатының, мәжілісінің басшылығымен келіссөздер жүргізеді және «Астана» халықаралық қаржы орталығына барады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін