Жолдауда атап өтілгендей, бүгінде коммуналдық желілердің тозуы 57% қамтиды. Осыған байланысты, біріншіден, табиғи монополиялар саласында «нақты» реформалар талап етіледі. Табиғи монополиялар саласын реттеудің жаңа тұжырымдамасы – «Тарифті инвестицияларға айырбастау» ұсынылады. Екіншіден, квазимемлекеттік секторда басқару тиімділігін арттыру шеңберінде «Самұрық-Қазына» міндеттері, стратегиясы, портфелі мен иелену құрылымы қайта қаралады. Бұл жұмыс квазимемлекеттік сектордың аражігін ажырату және функциялардың бөлінуі ескеріле отырып жүргізіледі. ҚР Ұлттық экономика министрі
Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» қорының активтерін, оның ішінде «Халықтық IPO» тетігі арқылы жекешелендіру жалғасатын болады.
Үшіншіден, жаңа әкімшілік реформа шеңберінде Ұлттық экономика министрлігі орталықсыздандыру қағидаттары мен шектерін айқындау арқылы мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізетін болады. Мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру, оның ішінде бақылау және үйлестіру рөлін күшейту, сондай-ақ Үкімет шешімдерін дайындаудың сапасы мен жеделдігін арттыру жолымен Үкіметтің ықшам аппаратын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров