Смайылов ҚТЖ-ны трансформациялау бойынша негізгі тәсілдерді мақұлдады

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ты ұлттық көлік-логистикалық компанияға трансформациялау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚТЖ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев компанияның логистика сегментінде, атап айтқанда, халықаралық транзиттік маршруттар мен өңірлік сауда хабтарын дамыту жөніндегі қызметін кеңейтетін трансформациялау жоспарын таныстырды.

ҚТЖ теміржол, авто және теңіз көлігін тарта отырып, мультимодальды тасымалдауды ұйымдастырумен, сондай-ақ терминалдар желісін дамыту нәтижесінде шетелде жүктерді жинақтау орындарында логистикалық қызмет көрсетумен айналысатын болады.

Бұл трансұлттық көлік дәліздерінің дамуына, жаңа логистикалық тізбектердің қалыптасуына серпін береді және отандық бизнес үшін қосымша мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.

Сондай-ақ компания өзінің негізгі қызметінің тиімділігін жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Премьер-министр ҚТЖ-ны трансформациялау тәсілдерін мақұлдап, қолданыстағы коммерциялық бағыттарға талдау жүргізуді және өңірлік сауда хабтарын дамыту мәселесін егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты