Қазақстан әуе компаниялары бес айда рейсті кешіктіргені үшін 24 млн айыппұл төлеген

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық әуе компанияларының әуе кемелері паркін толықтыру мәселелеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабаралуынша, жиында әуе компаниялардың ұшу бағыт кестелерін уақтылы орындаудың маңызы, сонымен бірге рейстердің кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда жолаушылардың құқығының сақталуы жөніндегі мәселелер қаралды.

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңына сәйкес  рейстің кешігуіне әуе компания кінәлі болған жағдайда жолаушыларға салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақ үйде тұру мен оған барып, қайтуға дейін көлік тегін түрде ұсынылуы тиіс», - деді ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы Әділет Көбенов.

Бұл орайда көрсетілетін қызметтер талапқа сай ұсынылмаған жағдайда әуе компания әкімшілік жауапқа тартылады. Шілдеден бастап рейстердің кешігуі салдарынан жолаушылардың құқығы сақталмағандықтан қазақстандық әуе компанияларына 8 мың АЕК (8 рет) сомасына дейін айыппұл салынды. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушылар жұмсалған әр сағат үшін билет құнының 3% мөлшерінде (айыппұл түрінде) өтемақы алуға құқылы.

Өз кезегінде отандық авиакомпаниялар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың әуе кемелері паркін ұлғайтуға қатысты тапсырмасының орындалуы жөнінде айтып берді. Мәселен, биыл шілдеден бастап қазақстандық тасымалдаушылардың әуе паркі 7 ұшақпен толығады. Атап айтқанда, SCAT компаниясы 5 ұшақ алса, Fly Arystan және «Эйр Астана» әуе операторлары бір-бір ұшаққа қол жеткізді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: