Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы тұмау эпидемиясы туралы хабарлады

Сурет: Алматы әкімдігі
Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2,1 миллионнан астам адам жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) мен тұмаумен ауырғаны тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вячеслав Дудник Қазақстанда жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық күрт өсуі байқалып отырғанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары екенін айтты. Мұндай жағдай эпидемия болып саналады.

"Эпидемия басталғаннан бері, яғни 1 қазаннан бері санитарлық қызметтің мәліметінше, 2 миллион 100 мыңнан астам жіті респираторлық вирустық инфекция тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 1 миллион 370 мың адам бар. Біз қоздырғышқа зерттеу жүргіздік. "В" тобының вирусы барлық облыста байқалды. Ал суық тию ауруының өсуі былтырғыға қарағанда орта есеппен 10% жоғары".Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вячеслав Дудник

Сонымен қатар ол профилактикалық мақсатта Қазақстанға тұмауға қарсы 2 миллион 280 мыңнан астам доза вакцина әкелінгенін, қазірдің өзінде 2,5 миллион адам немесе ел халқының 12%-ы екпе алғанын айтты.

21 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда шошқа тұмауының таралып жатқанын мәлімдеді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі