Александр Данилов өз еркімен ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен кетті

Сурет: primeminister.kz
ҚР үкіметінің қаулысымен Александр Данилов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі таратты.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 

Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған.

Сондай-ақ жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылғы шілдеден 2022 жылғы қаңтарға дейін Stopfake.kz жобасының жетекшісі болды.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты