Шетелдегі қазақстандық дипломаттар өкілдік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі қызметкерлерінің өкілдік керек-жарағы туралы ереже әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ереже Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қызметкерлеріне қолданылады.

Өкілдік керек-жарақ — дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде киіп жүруі үшін арналған киімінің заты.

Дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне мынандай өкілдік керек-жарақтар белгіленеді:

Құжатта дипломатиялық қызмет қызметкерлері сатып алынатын не жалға алынатын өкілдік керек-жарақ заттарының санын дербес айқындайтыны жазылған.

Өкілдік керек-жарақ заттарын жалға алуына рұқсат етіледі.

Дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне өтемақыны төлеу тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен қаражаттың бөлінуіне қарай іске асырылады.

Министрлікке не шет елдегі мекемеге жұмысқа жаңадан қабылданған дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне өтемақы Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналы лауазымына тағайындалған күннен бастап министрлікте және/немесе шет елдердегі мекемелерде бір жыл жұмыс істегеннен кейін төленеді.

Құжат 1 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: