Марат Бекетаев Премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен босатылды

Марат Бекетаев. Сурет: primeminister.kz
Марат Бекетаев Премьер-министрдің кеңесшісі қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясына Марат Бекетаевтың бұдан былай Премьер-министрдің кеңесшісі болып жұмыс істемейтінін растады.

Ол бұл қызметке 2022 жылғы 14 қаңтарда тағайындалған еді.

Марат Бекетаев 1977 жылы 29 тамызда Шымкентте туған.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін тәмамдаған.

Әр жылдары әділет вице-министрі, Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, Әділет министрі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді