Жұманғарин Қазақстандағы пияз бағасы жөнінде: Диктатура туралы сөз қозғағымыз келмейді

Сурет: pixabay
Сенат отырысында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин үкімет пиязға баға диктатурасын орнатуды неге ұсынбайды деген сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Серік Жұманғарин кез келген саланың өзіндік даму идеологиясы болуы керек деп есептейді.

"Біз еркін нарықтық экономиканы құрып жатқандықтан, диктатура, қандай да бір бағаны күштеп таңу жөнінде сөз қозғағымыз келмейді".Серік Жұманғарин

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстан билігінің белгілі бір өнімге шекті баға белгілеуге мүмкіндігі болғанымен, мұнда да ескеретін жайттар бар.

"Бүкіл Қазақстан бойынша шекті бағалар белгілеу керек, өйткені бір өңірде белгілесең, ол жақтан тауар жоғалып, баға белгіленбеген басқа өңірге кетіп қалады, бүкіл Қазақстан бойынша орнатсаң, тапшылық болады. Нарық қысыммен жұмыс істемейді, сондықтан бүкіл әлем жүріп өткен нарықтық механизмдер аясында жұмыс істеген дұрыс". Серік Жұманғарин

Ақпан айының басында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баспасөз мәслихатында пияз неліктен қымбаттағанын түсіндірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне ауыр еңбек жағдайы үшін берілетін үстемақыны екі есе арттыру жоспарланып отыр