Қазақстанда 11 жастағы қыздарға папилломаға қарсы екпе салынуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесіне толықтыру әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


Атап айтқанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында 11 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына (бұдан әрі – АПВ) қарсы вакцина салу жоспарланған.

Бұл жағдайда вакцина қыздың екпе салдыруға келісімін алғаннан кейін салынады.

Вакцинациялау үшін Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде АПВ-ға қарсы вакцинаны сатып алуға арналған шығыстар республикалық бюджеттен болжанатыны жазылған.

"Қажетті қаржыландырудың жобалық есептеулері ҚР Қаржы министрлігімен жұмыс тәртібінде келісу сатысында. Бұдан кейін Республикалық бюджеттік комиссияның жуық арадағы отырысына шығарылады", – делінген құжат түсіндірмесінде.

Құжат 3 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.


Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Ашық НҚА

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз