Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі әйелдердің 40 пайызға жуығы басшылық қызметте

Сурет: senate.parlam.kz
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін әйелдердің 39,2 пайызы басшылық қызметте, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет отырысында ол 2010 жылы мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 52,7 пайыз болғанын айтты. Ал 2022 жылы 55,4%-ға жеткен.

"Олардың 39,2%-ы басшылық қызметте. 59 әйел саяси қызметте, оның ішінде министрлер, Агенттік өкілдері, Жоғарғы аудиторлық палата және Конституциялық соттың төрағалары, сондай-ақ облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары бар. Шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 2011 жылы 38,4% болса, 2021 жылы 44,6% болды. Кәсіпорын басшыларының ішінде 30,8%-ы әйел адамдар. Әлібек Қуантыров

Министр үкімет мемлекет қатысатын компаниялардың басқару органдарындағы әйелдер үлесін 30%-ға дейін кезең-кезеңімен арттыру үшін шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік