Министрдің айтуынша, бүкіл әлемде инфекциялық емес аурулар әйелдер өлім-жітімінің негізгі себебі болып отыр. Қазақстан бойынша аурушаңдық бір жылда 4% өсті (100 мың халыққа шаққанда 50 мыңнан астам адам).
"Елімізде әйелдерінің аурушаңдық құрылымында 27% тыныс алу ағзаларының аурулары, 12% несеп-жыныс жүйесінің, 8% қанайналым жүйесінің, 6% сүйек-бұлшықет жүйесінің және ас қорыту ағзаларының аурулары құрайды. Диспансерлік есепте 3 млн-ға жуық әйел динамикалық бақылауда, бұл есепте тұрған ересек халықтың жалпы санының 62,5%-ын құрайды (4,8 млн адам). Жыл сайын стационарларда 2 млн-ға жуық әйел емделеді, 500 мың хирургиялық араласу жүргізілді", - деді Ажар Ғиният.
Сонымен қатар Ажар Ғиният репродуктивті денсаулығының ерекшеліктеріне байланысты әйелдер ерлерге қарағанда жиі ауыратынын және медицина қызметін көп пайдаланатынын айтты.
"Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам әйелдер босанады. Жүкті әйелдердің 99%-ы медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында болды. Туа біткен кемістіктерді анықтау үшін жүкті әйелдерді скринингпен қамту 10% өсті (2021 ж. - 73 %, 2022 ж.- 80%). Әйел денсаулығының жақсы болуы - ұлт саулығы, ұрпақ амандығы, мемлекетіміздің баянды, жарқын болашағы", - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.