Қазақстанда 2029 жылға дейін 18,2 мың жасқа жеңілдетілген несие беріледі

Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының" "Жастар әлеуеті және кәсіпкерлік" бағыты бойынша жұмысқа уақытша орналаспаған жастардың пайызын төмендету мақсатында еріктілер жобалары іске асырылмақ. Тұрақты негізде NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқаты жүйелі бақыланады.

"Нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-дан 3,5%-ға дейін төмендейді. Сонымен бірге 2029 жылға дейін 18,2 мың жасқа жеңілдетілген несие беріледі. Пысықтау нәтижесінде қосылған индикаторлардың бірі – жастарды жұмыспен және жоғары біліммен қамту. Нақтырақ айтқанда, 2,3 миллион жасты жұмыспен, 2,8 миллион жасты жоғары біліммен қамту көзделіп отыр", - деді министр Дархан Қыдырәлі.

Сонымен қатар ол премьер-министрдің тапсырмасына орай, 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасына қатысты айтылған ескертулер мен ұсыныс-пікірлер ескеріліп, қайта пысықталғанын айтты.

Жоғарыда аталған шаралар аясында 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жастарын жұмыспен қамту, 1,5 миллион жастың цифрлық сауаттылығын арттыру, 3,8 миллион жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс