Астанада өткен форумда Қазақстанда қайырымдылық жасау мәдениетін дамытудың маңызы туралы айтылды
Бұл шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Бірыңғай грант операторы және "Қазақстан Даму Ассоциациясы" Заңды тұлғалар қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Форум азаматтар мен ұйымдардың қайырымдылықты дамытуға және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға қосқан үлесін тану алаңы болды. Форум қайырымдылық жасап, елдің құрметіне бөленген құрметті атаққа лайық лауреаттарды марапаттау рәсімімен ашылды.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің бейнежолдауында Қазақстанда қайырымдылық жасау мәдениетін дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол әрбір азамат өзгенің өмірін жақсартуға өз үлесін қосуға қабілетті екенін, әрі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауда ұжымдық күштің маңыздылығын айтты.
Былтыр 80 749 азаматқа жалпы сомасы 39 миллиард теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл көмектің негізгі бағыттары тұрғын үймен қамтамасыз ету, спорт алаңдарын салу және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту болды. Тағдыр тәлкегіне түскен жандардың басынан өтіп жатқан әртүрлі жағдайлар бар. Оларға көмек жасап жатқан жүрегі кең, жоққа бере алатын жомарт жандардың атқарып жатқан еңбегі зор әрине. Ағымдағы жылы қайырымдылық саласы бойынша құрметті атаққа 148 өтініш түскен. Оның ішінде 27-і - қайырымдылық ұйымдардан, 27-і - меценаттардан, 58-і - жеке қайырымды жандардан және 36-сы - еріктілерден. Нәтижесінде, Қазақстанның әр өңірінің атынан шыққан меценаттардың ішінде 19 лауреатқа құрметті атақ берілді. Форум барысында панельдік сессиялар өтті.
"Қайырымдылық және ESG: тұрақты даму стратегиялары" - бұл сессияда ESG қағидаттарын қайырымдылық ұйымдарының қызметіне енгізудің сәтті үлгілері ұсынылды. Қайырымдылық жасау ережелері де сөз болды. Қатысушылар тиімді және тұрақты қайырымдылық жобаларын құру үшін ESG принциптерін қалай жүзеге асыруға болатынын көрсететін бейнероликті тамашалады.
Сондай-ақ,
агенттігінің жаңа білім жобасын жариялады. Бұл бірегей жоба бизнес, үкімет және
қоғамды біріктіретін алаң болмақ.
Алғашқы тәулікте көмек көрсету жылдамдығының әсері мен маңызы зор. Ізгі жандардың форумы жеке сектор өкілдеріне, меценаттар мен демеушілерге арналған шеберлік сабағымен аяқталды. Онда филантропия саласындағы тұрақты дамуға қол жеткізу үшін ынтымақтастық пен серіктестіктің маңыздылығы туралы айтылды.