Сөредегі сапа мен адалдық: күзгі сатып алулардың нәтижелері
Ал дүкенге барғанда көпшілігіміз дәмді, жарқыраған қаптамадағы өнімдерге назар аударамыз, кейде қаптамада барлық қажетті ақпарат болуы қаншалықты маңызды екенін естен де шығарамыз. Негізінде қаптамадағы өнім туралы ақпарат қауіпсіздік пен таңдауда шешуші рөл атқарады. "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі тұтынушылардың хабардарлығын арттыру және олардың тауарлардың әртүрлілігін анықтауға көмектесу мақсатында халық тұтынатын тауарларды құпия сауда әдісімен сатып алуды және олардың зерттеулерін жүргізіп, нәтижесі туралы азаматтарды хабардар етуде.
Сурет: Жанна Биятан
Сурет: Жанна Биятан
Әлеуметтік жоба аясында 2024 жылдың қазан айында Атырауда қытайлық "EXCLUSIVE TEA" көк шайы (300 г) және ресейлік өндірушілердің тауарлары – Ганновер вафлилері (165 г), зарарсыздандырылмаған "Апельсин лимоны" (180 г.) тосабы, кілегей және шоколад дәмімен "VEMO" салмасы бар вафельді өнімдері (500 г) және "Мистраль Дружба" жармасының қоспасы (400 г) тұтыну себетіне салынды.
Сурет: Жанна Биятан
Сурет: Жанна Биятан
Барлық сынамалар Атырау облысы бойынша ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасында қауіпсіздік және стандарттарға сәйкестік бойынша зерттелді. Хаттамалар барлық өнімдерде зең, токсиндер және басқа да зиянды заттардың жоқ екенін көрсетті. Дегенмен, қауіпсіздік стандарттарын сақтау – бұл жұмыстың жарты бөлігі ғана. Тиісті таңбалама маңызды аспект болып қала береді. Талаптарға толық сәйкес келетін және жоғары сапалы таңбаламасымен қуантқан "Ганновер" вафлилері болды, ал қалған үлгілер қазақ тілінде таңбаланбаған.
Сурет: Жанна Биятан
Қоғам белсенділері қазақ тіліндегі таңбалама тұтынушылардың қауіпсіздігі мен хабардарлығын арттыруға бағытталған шаралардың бір бөлігі. Заңнама өнім туралы барлық ақпараттың орыс және қазақ тілдерінде көрсетілуін талап етеді. Өйткені, негізгі сипаттамалар туралы ақпаратқа ие болу әрқайсымызға неғұрлым саналы таңдау жасауға көмектеседі, бізді аллергиялық реакциялардың қаупінен қорғайды, мерзімі өткен өнімдерді сатып алмауға көмектеседі және нарықтың ашықтығын қолдайдды деп атап көрсетеді.
"Импорттаушылар "Қазақстан Республикасының Тіл туралы" заңы Қазақстан нарығына шығар алдында таңбаламаның қазақ және орыс тілдеріне аударылуын қамтамасыз етуге міндеттейтінін ұмытпауы керек. Барлық өнімдер бұл сынақтан өте бермейді, бірақ таңбаламасы дұрыс көрсетілгендер мысал бола алатынындай, стандарттарға сәйкестендіруге болады және ол айтарлықтай шығындарды қажет етпейді. Тұтынушылар тауар туралы толық ақпарат алуға құқылы, бұл ретте дұрыс таңбалама маңызды рөл атқарады", – деп атап өтті А.Алибекова.
Қазақстанда берілген сертификаттар мен Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестік туралы декларацияларды тексеру қызметі жұмыс істейді. Мұндай құралды пайдалану, әсіресе, сатып алудан бұрын жалған және контрафактілік заттарды анықтау үшін пайдалы. Заманауи тексеру әдістерінің ішінде QR кодтарын сканерлеуге арналған "Нақты өнім" акцизделетін тауарларды тексеру қызметі де бар. Қазіргі уақытта бұл алкоголь, темекі, дәрі-дәрмек және аяқ киімге қатысты, бұл тұтынушыларға уақытты үнемдеуге және жалған өнімдерді сатып алмауға мүмкіндік береді. Бұл қызмет әлі барлық өнімдерді қамтымаса да, біз болашақта тексеру мүмкіндіктерін кеңейтеміз деп үміттенеміз.
"МОТҚҚҚ" ҚБ тұтыну тауарларын тексеруі тұтынушыларға да, бизнеске де жоғары сапалы өнім мен ашық нарық жолындағы қолдау болып табылады. Таңбаламаның қарапайым ережелері мен стандарттарын сақтау, адал бәсекелестік принциптерін сақтау және тұтынушыларға қамқорлық көрсету – бұл өнімді шынымен сұранысқа ие ететін нәрсе. Ал қауіпсіздікке қамқорлық жасау – тұтынушылар үшін де, бизнес үшін де сенімді болашаққа жасалған қадам.
Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ сауатты таңбалама және өнімді сынаудың қолжетімді технологиялары сатып алушыларды сапасыз тауарлардан қорғаудың сенімді құралы екенін еске салады. Ал кәсіпкерлер үшін стандарттарды сақтау және дұрыс таңбалама тұтынушыларға қамқорлық көрсету, олардың брендіне деген сенімді арттыру және ықтимал заңдық қиындықтарды болдырмау мүмкіндігі саналады.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.