Жаңалықтар тізбегі
0

Биохакинг: тамақтан тыйылудың пайдасы неде

Биохакинг: тамақтан тыйылудың пайдасы неде, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 11:41 Сурет: pexels
Бүгінде биохакинг жаһандық трендке айналып, көптеген адамдар фастинг немесе интервалды аштықты жиі пайдаланады. "Биохакинг" дәлме-дәл мағынада – жастық пен денсаулықты сақтау үшін адам ағзасын "бұзу".

Оның жақтаушылары аштықты дұрыс сақтау дененің жасырын резервтерін іске қосып, аутофагияны, яғни жасушалардың өзін-өзі жаңарту процесін тудырады деп мәлімдейді. Сонымен қатар ораза, диета және емдік ашығу түріндегі тамақтанудан әлсін-әлсін тыйылу – өркениеттің алғашқы кезеңдерінде болған құбылыс. Бірақ ағзаға зиян келтірмеу үшін аштықты қалай дұрыс сақтауға болады? Кейбір адамдар салмақ тастау немесе денсаулығын жақсарту мақсатында мұсылман немесе православиелік оразаны қолдануды жөн көреді.

Дәрігерлер мен ғалымдар бұл тұрғыда не дейді?

Ашығудың көптеген тәсілдері бар, олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен шектеулері бар. Олардың ішіндегі ең танымалы – әр бір күн сайын ашығу; 5:2 диетасы, сіз 5 күн әдеттегідей тамақтанасыз, ал аптасына екі күн (қатарынан емес!) күніне 500 калориямен шектелесіз; 12-18 сағаттық ашығу; аштықты имитациялайтын төмен калориялы диета.

Америкалық биогеронтолог және биохакинг жанкүйерлері арасындағы жұлдыз Вальтер Д. Лонго аштықтың пайдасына сенімді және оны зақымдалған жасушаларды жаңасымен алмастыратын ағзаның "қайта жүктелуімен" салыстырады. Пікірінше, ашығу метаболизмге оң әсер етіп, қартаю белгілерін азайтады. Дегенмен шектен шықпау маңызды. 16-дан 18 сағатқа дейін ұзақ уақыт аш жүру өт тастарының көбеюі, ұйқының және ас қорытудың бұзылуы, гормоналды сәтсіздік, анемия, ойық жара, гастрит және басқа да жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Сондай-ақ Лонго экстремалды үш күндік сусыз ашығудан сақтандырады. Айтуынша, бұл денсаулыққа аса қауіпті.

Қазақстандық диетолог Елена Мамай салмақ жоғалту үшін аштық сақтауға емес, ағзаның ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс құрылған диетаға жүгінуді қолдайды. Оның айтуынша, күніне 5 рет тамақтанып-ақ, денсаулыққа пайдалы түде салмақ жоғалтуға болады.

"Қоғамда диета – бұл тамақтануды шектеу, бір нәрседен бас тарту деген қате түсінік бар. Шындығында, әдетке айналған диета – бұл дұрыс норма. Ұзақ мерзімді шектеулер көбінесе зиянды, мысалы, тамақтану рационынан ақуыздарды алып тастау. Егер адам сау болып туылса, вегетариандық белгілі бір деңгейде қауіпсіз болуы мүмкін. Алайда, вегетариандар ерте ме, кеш пе науқастардың күйін кешеді", – дейді Елена Мамай.

Кейде шектеулерді айналып өтуге болмайды: бұл мысалы, ораза ұстайтындар мен спортшыларға қатысты. Төзімділіктің ең экстремалды спорт түрлерінің бірі триатлонда тамақтану төртінші тәртіп деп аталады (алғашқы үшеуі – жүзу, веложарыс және жүгіру). Астанадан келген әуесқой спортшы, толық қашықтықтың үш дүркін финишері Ironman Тимур Мұхамадеев спорттық тамақтануда ең бастысы тамақтану жоспарын, мақсатын және реттілігін түсіну маңызды.

"Менің 22 аптаға созылатын жаттығу жоспарым бар. Және оны сәйкес тамақтану жоспарымен сүйемелдеу керек. Ұзақ уақыт бойы физикалық белсенділікпен айналысатын ағзаға не қажет екендігі туралы жалпы қабылданған, бекітілген дәлелдер бар: ақуыздар, жеткілікті көкөністер және дәрумендер, қажет болған жағдайда күрделі көмірсулар, өсімдік майлары, ал қарапайым қанттарды аз тұтыну қажет. Иә, сауық-сайран секілді кейбір нәрселерден бас тарту керек. Алайда, тек шектеулер арқылы мәселені шешу мүмкін емес. Сондай-ақ бүкіл процесс, соның ішінде тамақтану да жағымды болуы керек", – дейді Тимур Мұхамадеев.

Елена Мамай артық салмақтан арылуға немесе денсаулығын жақсартуға деген ниетпен діндарлар да жиі жүгінетінін жеткізді: мұсылмандар, православтар, яһудилер. Айтуынша, олар үшін мәзірді құрастыру барысында тек жеке қажеттіліктерін ғана емес, сонымен қатар, діннің нені рұқсат ететінін және нені тыйым салатынын да ескеру қажет.

"Менің діни догмаларға араласуға құқығым жоқ. Бірақ дәрігер ретінде диетаны дінге қайшы келмейтін және мүмкіндігінше пайдалы етіп қалай ұстауға болатынын айта аламын. Ораза мен диетаны біріктіруге болады, бірақ оларды араластырудың қажеті жоқ. Ораза – бұл философия. Оның мақсаты өзін-өзі тәрбиелеу немесе рухани өсу болуы мүмкін. Біріншіден, бұл тамақ туралы емес, адамдарға, жағдайларға эмоцияларды бақылау тұрғысында. Ал диета – бұл тамақтану мәдениеті. Егер бұл мәдениет өмірдің бір бөлігі болмаса, оны қалыптастыру оңай емес, бірақ мүмкін", – деп түсіндіреді диетолог Елена Мамай.

Исламға сәйкес, жұмақта қасиетті Рамазан айында шынайы ораза ұстағандар өтетін Ар-Райян қақпасы бар деп саналады. Сонымен қатар тамақтанудан бас тарту, дұға жасауға жіті көңіл бөлумен қатар, адам ағзасына медициналық тұрғыдан пайдалы әсер етеді. Frontiers in Nutrition журналында 2021 жылы жарияланған үлкен зерттеудің нәтижелеріне сәйкес, Рамазан айындағы ораза май массасы мен дене салмағының индексін төмендетуде тиімді.

Ораза араб тіліндегі "ас-соум" деген сөзден шыққан. "Ас-соум" деген сөздің мағынасы "өзін-өзі тоқтату, тартыну, тыйылу" деген ұғымдарды білдіреді. Демек ақыл-есі дұрыс, балиғатқа толған, ауыз бекітуге қабілетті мұсылман баласы қасиетті Рамазан айы келгенде Аллаға шынайы құлшылық ету ниетімен таң атқаннан күн батқанға дейін ас-судың барлық түрінен, сонымен қатар жыныстық құмарлықтан өзін шектейді, тыяды.

Сонымен қатар ораза адамды рухани тәрбиелейді. Оразаның көмегімен адам баласы бойындағы жағымсыз сипаттардан арылуға тырысып, әдепсіз әрекеттен, бос сөзден тыйылады, сабыр сақтауға, қанағатшылыққа үйренеді. Бұдан бөлек, ораза адам ағзасын артық және улы нәрселерден тазартып, жаңартып, асқазанына демалыс береді.

Православие өкілдері оразада диета элементтері бар екендігімен келіседі, өйткені адам өзін тамақтануда шектейді. Бірақ ораза тек диета емес, дейді протоиерей Александр Суворов, өйткені ғибадат кезінде де, әсіресе ораза кезінде де адамның жағдайы мен көңіл-күйі өзгереді.


"Ораза – бұл ең алдымен тәубе ету (покаяние). "Покаяние" сөзі ежелгі грек тілінен шыққан, сөзбе-сөз аударғанда "ойдың өзгеруі". Яғни, ораза кезінде адамға өзін өзгерту, бір нәрсені жақсарту міндеті қойылады. Адам жан мен денеден тұратындықтан, сыртқы, дене шектеуі (мысалы, ойын-сауықтан тыйылу) және рухани шектеу (адам өзінің ішкі жағдайына көбірек көңіл бөлген кезде) – осы жиынтық оразаны құрайды. Егер біз мұның бәрін жеке компоненттерге бөлетін болсақ, онда адам алдына қойған нәтижеге жете алмауы мүмкін", – деп түсіндіреді Александр.

Елена Мамайдың айтуынша, тамақтанудың жалпы ережелері мынадай:

"Таңғы ас тойымды болуы керек. Екінші таңғы ас – жаңғақтар мен кептірілген жемістер: осылайша біз холестеринді қаннан алып тастап, тамырларды нығайтамыз. Жемістер мен жидектерден тұратын түстен кейінгі ас ағзадағы шіру процесін болдырмау үшін түскі астан кемінде 3-4 сағаттан соң тұтынылуы керек. Ақырында, кешкі асты неғұрлым ертерек жесеңіз, соғұрлым жақсы. Егер соңғы тармақты сақтау оңай болмаса, ұйықтар алдында бір стақан айран ішуге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: