Гинеколог: Неке қияр алдында жастарға ДНК тест тапсыруды міндеттеу керек
Сауда үйінде, дүкенде, көшеде, автобуста, жалпы айналаңызда бір ұрықтан тараған ұрпақтар жүруі әбден мүмкін. Оны айтасыз, елімізде ағасының қарындасына үйленуі, әпкесінің бауырына күйеуге шығуы, жалпы ағайындылардың отау құруы әбден ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған қазір жоғары сұранысқа ие қызмет — ұрық донорлығындағы олқылық себеп болуы мүмкін. Арнайы ереженің, бірегей базаның жоқтығынан бір еркектен 10 бала өмірге келіп, ертең олар бір-бірімен кездеспесіне кім кепіл? Осыған байланысты соңғы кездері қоғамда "донорлар қай жүз екенін, тіпті руын да жазуы қажет" деген ұсыныстар көтеріліп жүр, делінген "Еуразия" бірінші арнасының жаңалықтарында.
Бұған қазір жоғары сұранысқа ие қызмет — ұрық донорлығындағы олқылық себеп болуы мүмкін. Арнайы ереженің, бірегей базаның жоқтығынан бір еркектен 10 бала өмірге келіп, ертең олар бір-бірімен кездеспесіне кім кепіл? Осыған байланысты соңғы кездері қоғамда "донорлар қай жүз екенін, тіпті руын да жазуы қажет" деген ұсыныстар көтеріліп жүр, делінген "Еуразия" бірінші арнасының жаңалықтарында.
Кейіпкер:
Орталыққа барған кезде донорлардың салмағы, бойы, ұлты жазылады, бірақ руы жазылмайды. Сол донордың өзі ол туыс болып шығуы мүмкін ғой. Оған кім кепіл бере алады. Мүмкін біз алыс туыс та болуымыз мүмкін.Белгілі болғандай елімізде ұрық донорларының бірегей базасы, оларды есепке алатын арнайы ереже жоқ. Ал тәжірибеге жүгінсек, басым бөлігінің донорлыққа дейін өз отбасы және екі-үш баласы бар болып шығады. Сондықтан сауда үйінде, дүкенде, көшеде, автобуста, жалпы айналаңызда бір ұрықтан тараған ұрпақтар жүруі әбден мүмкін.
БЕКЗАТ ЕРМЕКБАЕВА, ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ МЕНЕДЖЕРІ:
Біз әлеуметтанулық зерттеу жүргізген кезде кейбір өңірлерде осындай жағдайлармен кездестік. Мысалы, екі-үш атадан қосылған отбасыларды көрдік. Олардың отбасында дүниеге келген сәбилерді көрдік. Жарымжан, жүре алмайды, сөйлей алмайды. Сондық бұл қазіргі уақытта үлкен проблема.Елімізде әр ЭКО-клиника Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында жоқ ақпараттарды жазуды өздері шешеді екен. Бүгінде руын, қай жүз, тіпті жұлдызнама бойынша қай белгі екенін, ол аз десеңіз, донорлардың кішкентай кезіндегі суреттерін де көрсетеді екен. Барлығы тапсырыс берушінің қалауына байланысты.
ГҮЛНӘР ӨТЕПОВА, РЕПРОДУКТОЛОГ:
Жалпы, барлық өркениетті елдерде ұрық донорларының бірыңғай тіркеуін жүргізу қалыпты жағдай. Сол арқылы әр ұрықтан қанша бала туылғаны нақты есептеліп, бақыланады. Біздің елде бұл жоқ.Ал кейбір мамандар, бір донорлық ұрықтан тараған ұрпақтан қарағанда, некесіз туған балалардың отбасы құру ықтималдығы жоғары дейді.
ВЯЧЕСЛАВ ЛОКШИН, РЕПРОДУКТОЛОГ:
Менің ойымша, донорлықтан басқа маңызды мәселе бар. Ол - некесіз туған балалар. Олардың бақылауда ұстау мүлде қиын. Қазір статистика бойынша Қазақстанда әр төртінші әйел некесіз босанады.Медицина мамандары қазіргі уақытта неке қияр алдында жастарға ДНК тест тапсырту дұрыс дейді.
АЙГЕРІМ СЛӘМБЕКОВА, ГИНЕКОЛОГ:
Жақын некеден туылған балаларда генетикалық аурулар немесе тұқым қуалайтын аурулардың өршуі екі есеге өсіп жатыр. Бұл неге әкеп соқтырады. Баланың өлі тууына немесе туылғаннан кейін бірнеше уақттан кейін өлуіне және ақыл-ойы кем ауруларға шалдықтырады.