Жаһандық жылыну Қазақстанға су тапшылығы қаупін төндіреді – Экология министрлігі
Бүкіл әлем бүгінде жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Қазақстан үшін трансшекаралық ағындарға жоғары тәуелділік және ел аумағында су ресурстарының біркелкі бөлінбеуі жағдайында жаһандық жылыну бірінші кезекте су ресурстарының тапшылығына қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов
Оның айтуынша, өзен ағынының ұзақ мерзімді динамикасы су ресурстарының азайғанын көрсетеді.
Мәселен, жарияланған мәліметтерге сәйкес, егер 2000 жылы өзеннің орташа көпжылдық ағыны 120 текше шақырым болса, қазіргі уақытта ол шамамен 102 текше шақырым болған.
Бұл ең алдымен климаттың өзгеруіне және антропогендік факторларға байланысты. Су ресурстарының азаюы және халықтың, экономиканың және қоршаған ортаның қажеттіліктері үшін суды тұтынудың ұлғаюы жағдайында 2030 жылға қарай Қазақстанда су ресурстарының тапшылығы 23 текше шақырымды құрауы мүмкін. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов
Ол су шаруашылығының түйткілді мәселелері «Жасыл Қазақстан», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобалары аясында және 2025 жылға дейінгі агроөнеркәсіп кешенін дамыту аясында шешіліп жатқанын еске салды.
Ауыл шаруашылығында 7 мың шақырымнан астам суару желілерін қайта жаңғырту, 212 каналдың су есебін цифрландыру және 16 гидротехникалық құрылысты қайта жаңғырту арқылы мәселені шешу жоспарланды.
Вице-министр сонымен қатар 2025 жылға дейін қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін көлемі 1,7 текше шақырым болатын тоғыз жаңа су қоймасы салынатынын айтты.