Найзағай, дауыл, өрт қаупі. Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қызылорда облысының Жалағаш, Арал, Шиелі, Қазалы және Қармақшы аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Атырау облысының Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында құрғақшылық орын алатыны болжанады.
29 маусымда Батыс Қазақстан облысында синоптиктер солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғатынын, екпіні 15-20 м/с болатынын болжайды.
Қызылорда облысының түнде солтүстігінде, күндіз орталығында найзағай ойнап, дауыл соғады деп күтіледі. Солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, кей жерде 25 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстігінде +44°C аптап ыстық болады деп күтіледі.
Қызылордада солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, кей тұста 23 м/с жетеді.
Қарағандыда күндіз найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан күндіз оңтүстікте, облыс орталығында жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жезқазғанда күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз қатты ыстық болады: +35...+39°C.
Конаевта күндіз қатты ыстық болады: +36...+38°C.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде оның екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз қатты ыстық болады: +35...+39°C.
Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с, қатты ыстық болады: +36...+38°C.
Алакөл ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с, кей тұста 30 м/с жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде сынап бағаны + 40°C - ...+41°C көрсетеді, батыста, шөлейтті аудандарда өте қатты ыстық болады: + 45°C. Облыстың жазық даласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте күндіз сынап бағаны +41°C көрсетеді.
Түркістанда күндіз: +45°C.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен күшейеді.
Атырауда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың оңтүстігінде сынап бағаны +40°C көрсетеді.
Ақтауда солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді.