Жаңалықтар тізбегі
0

Иппотерапия деген не және оны кімдер қолданады?

Кейбірі атқа агрессия танытса, кейбірі шауып келе жатып аттан секіріп кетуі мүмкін. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 17:10 Сурет: АПН
Ғалымдардың айтуынша, жылқылар Қазақстанда біздің дәуірімізге дейінгі бес жарым мың жылдан астам уақыт бұрын қолға үйретілген. Ежелгі көшпенділер бұл жануарларда күшті биоөрістің бар екенін бірінші болып сезінді.

Сол заманда жылқыға қолы тиген адамның шаршауы басылып, көңіл-күйі жайланатыны анықталған. Қазіргі таңда ерекше жандарға арналған терапия ішінде жылқымен емделу де бар. Оның аты – иппотерапия.

"Иппотерапия дегеніміз – анималотерапияның бір түрі, жылқыға міну арқылы адамдарды емдейді. Гиппократтың өзі меланхолияны жылқыға мініп серуендеу арқылы емдеуге шақырған. Бұл тәсіл әлемнің көптеген елінде ересек адамдарға да, балаларға да қолданылады", - дейді Алматы қаласындағы 6-поликлиниканың жалпы тәжірибелік дәрігері Бейбіт Пайзолла.
Ғалымдардың айтуынша, жылқылар Қазақстанда біздің дәуірімізге дейінгі бес жарым мың жылдан астам уақыт бұрын қолға үйретілген. Ежелгі көшпенділер бұл жануарларда күшті биоөрістің бар екенін бірінші болып сезінді., сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 17:10

Сурет: АПН

Қазақстанда 2019 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бейімделген ат спорты және иппотерапия стандарты әзірленді. Бұл бағыт неврологиялық және басқа да бұзылулары бар балалар мен ересектердегі патологиялық жағдайларды емдеуде қолданылады.

"Бейімделген ат спорты мен иппотерапия аутизм, церебралды сал ауруы, артрит, склероз, бас-ми жарақаты, инсульт, психикалық бұзылулары бар адамдарға және құлақ пен көзі зақымданған жандарға арналған", - дейді Бейбіт.

Қазақстанда арт спорты манеждері бүкіл қалада бар. Барлық жерде арнайы иппотерапия орталықтары ашық.

"Биыл біздің ат зауыты иппотерапия өткізуге тендер ұтып алды, қазір "Алатау" арнайы қызмет орталығының тәрбиеленушілері аптасына екі рет сабаққа келеді. Сондай-ақ біз оларға ферма аумағын көрсетеміз, пониге мінгіземіз, кейін өздері пикник жасайды", - дейді "Қобыланды" ат зауытының менеджері Айдар Изатов.

Жайлылық сыйлап, көңіл-күйді көтереді

Кейбірі атқа агрессия танытса, кейбірі шауып келе жатып аттан секіріп кетуі мүмкін. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 17:10

Сурет: АПН

Иппотерапияның бірегей ерекшелігі жанаса отырып жүйкеге әсер ету болып саналады. Атқа міну тірек-қимыл аппаратын дамытып, координацияны жоғарылатады. Осының арқасында, яғни барлық бұлшықет іске қосылғаннан кейін физикалық даму жақсарады. Бұлшықет босаңсып, ұсақ моторика дамиды, әлемді тану жақсарады.

"Апта сайын 20 адамнан әкелеміз. Бұл адамдар аутизм, Даун белгісі, ақыл-есінің кемдігі бар жандар. Орталығымызда 168 адам өмір сүріп жатқанына қарамастан, кей жандар келіп үлгерді, олардың психоэмоционалды және физикалық жағдайлары жақсарғанын байқадық", - дейді "Алатау" әлеуметтік қызметтер орталығының психологы Эльмира Шахисламова.

Сабақты бірнеше тәжірибелі жаттықтырушы екі атпен өткізеді. Ол аттардың өзі арнайы таңдалған. Осындай сабаққа қатысатын жылқыларға арнайы талап та жоқ емес.

Жылқы шалт қимылға, қатты дыбысқа үйренген болуы тиіс. Қорықпауы керек.

"Жылқылардың аттары - Иван мен Орлик. Орлик 17 жаста, Иван жетіде. Ваня арнайы дайындықтан өтті, жаймен жұмысқа кірісіп жатыр. Балалармен қарым-қатынас жасау оған ұнайтыны байқалады. Орлик болса, бірнеше жыл бойы балалармен жұмыс істеп келеді, тек иппотерапияда ғана емес, спорттық оқу тобында да бар", - дейді "Қобыланды" ат зауытының инструкторы Алексей Жмыхов.
Кейбірі атқа агрессия танытса, кейбірі шауып келе жатып аттан секіріп кетуі мүмкін. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 17:10

Сурет: АПН

Иппотерапияның төрт түрлі емдеу әдісі бар:

  • Жылқымен психологиялық байланыс. Ол жүйке ауруларында кең қолданылады. Бұған жылқыға күтім жасау, жануармен сөйлесу, оны тамақтандыру кіреді.
  • Жылқы қозғалысы арқылы пассивті түрде емдеу. Оны ауыр қозғалыс жарақаты бар науқастарға қолданады.
  • Терапиялық атқа міну. Бұған атқа өздігінен отыру да, арнайы тапсырмаларды орындау да кіреді.
  • Емдік вольтаждау. Күрделі гимнастикалық элементтерді орындау реабилитацияның соңғы этаптарында қолданылады.
Кейбірі атқа агрессия танытса, кейбірі шауып келе жатып аттан секіріп кетуі мүмкін. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 17:10

Сурет: АПН

Кейбірі атқа агрессия танытса, кейбірі шауып келе жатып аттан секіріп кетуі мүмкін. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 17:10

Сурет: АПН

Аня мен Қыдыр ат зауытына жиі келеді. Олардың сөзінше, екеуі де атқа қорықпай мінген. Сабақ балаларға үлкен ләззат сыйлайды. Қыдырдың сөзінше, осыншалықты алып жануар саған бағынғанын түсінудің өзі бір ғанибет, жануармен сөйлесіп, оны құшақтап, сипау жанға рахат береді. Көңіл-күй көтеріледі, жан рахаттанады.

"Әр адамның жылқыға көзқарасы әртүрлі, біреу атқа мінуге қорқады, екінші біреу қорықпайды. Бұл әр адамның өзіне байланысты жайт, жануарға қаншалықты сенетініне байланысты", - дейді Алексей Жмыхов.

Үлкен спортқа апаратын жол

Кейбірі атқа агрессия танытса, кейбірі шауып келе жатып аттан секіріп кетуі мүмкін. , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 17:10

Сурет: АПН

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республикада өзгеше күтімді талап ететін 680 мыңнан астам адам бар, оның 13 пайызы – 18 жасқа дейінгі балалар. Егер 2021, 2022 жылдардағы сандарды салыстырсақ, ерекше балалардың саны 4 мыңға дейін өскен.

"Иппотерапия – терапияның тиімді түрі ғана емес, әрі қарай да үлкен спортқа қадам жасауға берілетін мүмкіндік. Мысалы, паралимпиада ұлттық құрамасы толықтай біздің иппотерапиядан өткен шабандоздардан тұрады", - деді Алматы қалалық 6-поликлиникасының жалпы тәжірибелік дәрігері Бейбіт Пайзолла.

Бәлкім бірнеше жылдан кейін дәл қазір осында жаттығып жүрген балалар паралимпиада ұлттық құрамасына қосылар? Уақыт – төреші.

Иппотерапиядан кімдер өте алмайды?

"2021 жылдың шілде айында ерекше балалармен серуен жасауға ұсыныс тастады, олар жылқыға қалай қарайды екен, мен балалармен қалай жұмыс істеймін, осының бәрін білгілері келді. Бәрі жақсы өтті, тамыз айында екі жылқы алып, тұрақты түрде сабақ өткізе бастадық", - дейді иппотерапия бойынша жаттықтырушы Светлана Жаналиева.

Көп адам жылқының денсаулыққа пайдасы бар екенін білмейді. Светлананың сөзінше, "Балалардың реабилитациясы өтеді дегенге сенбеймін. Дене босаңсып, бұлшықет жұмыс істемейді" сынды жаңсақ пікірлер бар. Мамандар болса, жылқы адамға қанат бітіретінін айтады.

"Жылқымен сөйлесу адамның жанын тыныштандыратыны дәлелденген. Алайда иппотерапияның ерекше балаларға сыйлайтын ең үлкен қуанышы бар, ол – өмірін жарқын ете түсу. Мысалы, бізге көзге тіке қарамайтын, ештеңеге реакция бермейтін, ешкімді естімейтін ауыр жағдайдағы балалар келді. Қазір олар әлемге реакция беріп, кері байланыс танытатын жағдайға жетті", - дейді Светлана.

Өкінішке қарай ерекше балалардың бәрі бірдей жылқыны жақтыра бермейді. Кейбірі атқа агрессия танытса, кейбірі шауып келе жатып аттан секіріп кетуі мүмкін.

"Көбірек жұмыстануды талап ететін балалар бар, алайда біз көңілімізді түсірмейміз, жалпы айтқанда, нәтиже өте жақсы. Әдетте жылдың соңында балалар тарап, орындарына басқа балалар келеді, алайда үшінші жыл қатарынан бізде жүрген балалар да бар. Олар қуана-қуана сабаққа келеді, жақсы нәтижелерге жетіп жатыр", - дейді жаттықтырушы.

Толық нәтиже алу үшін әр шабандоз барынша тиімді тәсілге ие болуы тиіс. Сол тәсіл табылса, нәтиже де көңіл қуантарлық деңгейге жетеді. Оның үстіне мемлекет пен қайырымдылық қорларының арқасында реабилитацияның бұл түрі мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін.

Автор: Мейіргүл Оңғарова, АПН

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: