Қазақстанда жоспардан тыс заңдар мәселесі талқылануда

Қазақстанда жоспардан тыс заңдар мәселесі талқылануда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2024 17:20 Сурет: senate.parlam.kz
Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне норма шығаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта проблемалық мәселелердің бірі ретінде жоспардан тыс заң жобасын әзірлеу мәселесінің реттелмеуі көрсетілді.

Сондай-ақ, заң жобасын әзірлеушінің ЖАО-мен оны жария талқылау барысында өзара іс-қимылының болмауы. Азаматтардың норма шығару процесіне қызығушылығының төмендігі көрсетілген.

Сонымен қатар, заңдар тілінің күрделілігі және оны құқық қолдану субъектілері түсінбеуі, қазақ НҚА мәтіндерінің орыс тілімен әр түрлі оқылуы мәселесі көтеріледі.

Құжатта Үкіметтің жоспардан тыс заң жобаларының саны үдемелі өсіп келе жатқандығы және іс жүзінде жоспарлы заң жобаларының санына теңестірілгені атап өтілген. Мәселен, 2023 жылы жоспардан тыс заң жобаларының үлесі 20 бірлікті, жоспарлы заң жобаларының үлесі 32 бірлікті, 2022 жылы тиісінше 23 және 22 бірлікті құрады.

Бұл ретте жоспардан тыс заң жобаларын әзірлеу процесі қолданыстағы заңнамамен регламенттелмеген.

Сонымен қатар, іс жүзінде нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін аударуда белгілі бір сәйкессіздіктер анықталады, бұл нәтижесінде елеулі салдарға әкеледі:

- заңдылық қағидатын шектеу;

- құқық нормаларын қолдану бойынша сот практикасының айырмашылығы;

- құқықтық нұсқамалардың бір мәнді еместігіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін арттыру.

Жалпы НҚА мәтіндерінің теңсіздігінің болуы мынадай факторлармен байланысты:

  • НҚА жобаларының мәтіндерін орыс тілінде дайындап, кейіннен оларды қазақ тіліне аудару;
  • Қазақ заң терминологиясының даму деңгейі.

Сонымен қатар, НҚА жобаларын орыс тілінде дайындау әзірлеушілердің қазақ тілін білу деңгейінің жеткіліксіздігінен ғана емес, жалпы қазақ заң ғылымының жай-күйінен және қазақ тілінде жазылған ғылыми еңбектер санының аздығынан туындағаны да аталып өтілді.

Қандай шаралар ұсынылады

Аталған проблемаларды шешу үшін жоспардан тыс заң жобаларын әзірлеу үшін нақты негіздер мен тәртіпті көздеу ұсынылады.

Жоспардан тыс заң жобаларын әзірлеу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде тиісті ережелерді бекіту.

"Заң жобасын Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарынан тыс әзірлеу мүмкіндігімен нормаларды сәтті сынақтан өткізу нәтижелерін байланыстыру қажет", – деп атап өтті консультативтік құжатты әзірлеушілер.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша және халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында заң жобаларын әзірлеуге жоспардан тыс бастамашылық жасау мүмкіндігін көздеу қажет.

Сонымен қатар, ұсынылады:

  • НҚА мәтінінің сөйлемдеріндегі сөздердің саны бойынша шектеулер белгілеу. НҚА жобаларында нормаларды жазу және баяндау стилі бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылдау.
  • Қазақ заң терминологиясына мәртебе беру.
  • НҚА жобаларын дайындау кезінде ресми бекітілген қазақ заң терминологиялық сөздіктері мен әдістемелік ұсынымдарды пайдалану бойынша әзірлеуші органдарға қойылатын талаптарды нормативтік белгілеу.
  • НҚА тілінің қолжетімділігін арттыру.
  • Мемлекеттік тілді дамыту;
  • Қазақ және орыс тілдеріндегі НҚА мәтіндерінің түпнұсқалығын арттыру;
  • Қазақ заң терминологиясын дамыту.
  • Бұдан бөлек, РСКҚ мен заң жобаларын жария талқылау процесіне олар бойынша міндетті жария тыңдауларды ұйымдастыру үшін ЖАО өкілдерін тартуға кеңес беріледі.

Құжат 7 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: