Астаналық курьер тұрғынның велосипедін қолды қылды

Астаналық курьер тұрғынның велосипедін қолды қылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2024 18:45 Сурет: polisia.kz
Астанада тұрғынның велосипедін қолды қылған курьер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері велосипед ұрлауға қатысы бар 22 жастағы курьерді анықтады.

Полиция басқармасына қала тұрғыны жүгініп, түнгі уақытта тұрғын үйдің кіреберісінен Трикс велосипеді ұрланғанын хабарлады. Жәбірленуші темір тұлпарының ұрланғаны 600 мың теңге көлемінде шығын келтірді деп бағалады.

Тергеу барысында полицейлер жас жігіттің курьер болып жұмыс істейтінін және ұрланған велосипедті жеке мақсаттары мен жұмысында қолданбақшы болғанын анықтады.

Жігіт кінәсін мойындады, ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.   

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына велосипед жақтауларын таңбалау және айрықша белгілер салу сияқты қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды, велосипедтерді кіреберістерде, дүкендердің жанында және қала саябақтарында қараусыз қалдырмауды, сенімді  велоқұлыптарды пайдалануды ұсынады.


"Елордада "Smart bike" электрондық базасы құрылды, онда велосипед иесі, тұрғылықты мекенжайы және телефон, сондай-ақ оның сериялық нөмірі мен сыртқы айрықша белгілері туралы мәліметтер енгізіледі. Сіз өзіңіздің велосипедіңізді “Smart Astana” және "e-Knot" мобильді қосымшаларында тіркей аласыз", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: