Бас прокурор Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйінің өртенуіне қатысты тергеуді бақылауға алды

Талғардағы қайғылы оқиға: Бас прокуратура зардап шеккендердің үйінің өртенуіне қатысты мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2024 10:17 Сурет: gov.kz
Бас прокуратура Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің ісі бойынша зардап шеккендердің үйінің өртенуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

"Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды".Бас прокуратура
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: