Жамбыл облысында өрт: әйел мен оның төрт немересі құтқарылды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында өртеніп жатқан екі қабатты үйден пәтерде түтінге тұншығып қала жаздаған әжесі мен төрт немересі құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт 24 қараша күні таңертең Байзақов ауданы Бурыл ауылында болды. Құтқарушылар барлау кезінде түтін басқан бөлмеден әйел мен балаларды тауып үлгерді.
"10 ш. м. аумақты өрт шарпып, үй тұрғындарын көміртегі тотығымен улану қаупін тудырған қалың түтін пайда болды. Өрт сөндірушілер барлау кезінде кейуана мен 4 баланы тауып, оларды терезе арқылы ашық ауаға шығарды". Төтенше жағдайлар министрлігі
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript