Семейдегі колледждердің бірінде өрт шықты
Сурет: pixabay
Семей қаласындағы Морозов көшесінде колледждердің бірінде бірінші қабатта өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шақыру орнына жеткеннен кейін өрт сөндірушілер кабинетте жиһаз бен төбенің жанатын бөлшектерінің жанғанын анықтады.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін барлық студенттер мен қызметкерлер өз бетінше далаға шықты.
Құтқарушылардың шебер және жедел әрекеттерінің арқасында өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript