Жаңалықтар тізбегі
0

Астана соты Бишімбаевқа қатысты тағы бір істі қарады

Астана соты Бишімбаевқа қатысты тағы бір істі қарады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2024 17:41 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында алаяқтық жасауға оқталу және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін сотталған Гарчеваға қатысты іс апелляциялық тәртіппен қайта қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін алқабилер кесімімен Грачева Нұрлыбекованың ұлы – сотталған Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін көмектесе аламын деген сылтаумен оны апелляциялық сатыдағы судьяларға аса ірі мөлшерде 100 млн. теңге сомасында пара беруге итермелегені және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.

Грачева қылмыстық әрекеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлерімен әшкереленуіне байланысты, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткізілмеді. 

Аталған кесіммен келіспей, ол аппеляциялық шағым түсірді. 

Іс бойынша заң бұзушылықтар болмағандықтан, сот тергеуінің барлық сатылары, атап айтқанда ҚПК-нің 650-бабына сәйкес айқындалған алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуiнiң ерекшелiктерiне сай заңның белгіленген нормаларына сәйкес жүргізілгендіктен апелляциялық сатыдағы сот айыптау үкімімен келісті. 

Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ҚПК-нің 656-бабына сәйкес шешті. 

Сот актілері заңды күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: