Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілік қатаңдатылады

Тенге, деньги, налоги, кредиты, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 15:19 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары 2024 жылғы 15 қаңтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасын, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын қарауға енгізді.

"Бірінші заң жобасымен түзетулер 3 және 5 кодекске енгізіледі. Екінші заң жобасында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізіледі. Түзетулердің басым бөлігі ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген 2026 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған", – деді ол.

Оның айтуынша, жемқорлардың жария тізілімі әзірленуде.

"Профилактикалық құрал қызметін атқаратын жемқорлардың мемлекеттік тізілімі енгізіледі. Оның негізгі мақсаты – қоғамдық мін тағумен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру.Тізілімде ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғандар туралы мәліметтер болады. Олар оған соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде енгізіледі. Ал ақтау үкімінің заңды күшіне енуі және соттылығының жойылуы негізінде алынып тасталады",- деп түсіндірді Ұлан Сарқұлов.

Ол сондай-ақ, тізілімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізетіндігін және ведомствоның веб-сайтында жалпыға қолжетімді болатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, түзетулер аясында заң "Мүдделер қақтығысы" атты жаңа тараумен толықтырылды.Онда мүдделер қайшылығы туындаған жағдайдағы мемлекеттік қызметшілер мен олардың басшыларының жауапкершілігі қарастырылған.


"Мемлекеттік органдардағы мүдделер қақтығысы туралы есептерді әдеп жөніндегі уәкілдер, квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметтері, ал олар болмаған жағдайда кадр қызметтері қарайды. Қарау қорытындысы бойынша олар органның немесе ұйымның басшылығына мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу бойынша ұсыныстарды немесе оның жоқтығы туралы қорытындыны беруге тиіс",- деді Сарқұлов.

Мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу, сондай-ақ егер бар болса, қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру бойынша шараларды қолданбаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте мүдделер қақтығысы жағдайында шығарылған немесе жасалған актілер, шарттар немесе өзге де шешімдер жойылады немесе жарамсыз деп танылады.

Бұған дейін енді пара беруге уәде бергендердің өзі де қылмыстық жауапқа тартылатындығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: