Қапшағай тұрғыны су қоймасына мотор майын төккені үшін 629 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін
Сурет: polisia.kz
Алматы облысының табиғатты қорғау полициясы Қапшағай су қоймасының ластану фактісін анықтады. Жағалау аймағының тұрғыны су қоймасына мотор майын төккен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған дерекке қатысты материалдар одан әрі қаралып, тәртіп бұзушыға қатысты шара қолдану үшін экология департаментіне жолданды.
Құқық бұзушы 160 АЕК-ге дейiнгi мөлшерде айыппұл төлеуі немесе 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарды атқаруы немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынуы мүмкін.
Сурет: polisia.kz
Полиция су айдындарын ластаудың қоршаған ортаға үлкен зиян келтіріп, ауыр зардаптарға әкелетінін ескертті.
"Тұрғындарды кез келген экологиялық құқық бұзушылықтарға қатысты фактілер туралы хабарлауға шақырамыз", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript