Астана маңында балабақшаға бала таситын автобус апатқа ұшырады

Астана маңындағы Қосшы қаласында балабақшаға бүлдіршіндерді күнделікті таситын микроавтобус жол апатына ұшырады. Балалар мінген көлікке Iveкo маркалы автобус соғылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Таңғы жетіден екі кетті ме, сол аралықта болды. Көліктер қатты соғылысты, тарс еткен дауыс шықты. Бір Алла сақтады дейді ғой, білмеймін енді, жедел жәрдем келді"Жанна Ембердиева
КТК телеарнасының мәліметінше, көлікте бас-аяғы он бала болған, оның бесеуі ауруханаға жеткізілген. Әбден шошынып қалған балақайлардың төртеуі дәрігерлердің тексерісінен кейін үйіне жіберілді. Арасында бұғанасы сынған бала да бар.
Ал жамбас сүйегі мен жіліншігі сынған төрт жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр.Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript