Қазақстанда қандас мәртебесін қалай алуға болады

Қазақстанда қандас мәртебесін қалай алуға болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 19:45 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 12 тамызда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі қандас мәртебесін алу үшін қалай өтініш беруге болатынын және оған қажетті құжаттар тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қандас – Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, бірақ Қазақстанда тұрақты тұру мақсатында келген этникалық қазақтар және олардың қазақ ұлтына жататын отбасы мүшелері.

Этникалық қазақ – шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ, қазақ ұлтына жататын адам.

Қандас мәртебесін алу немесе ұзарту үшін өтініш беруге болады:

  • ХҚКО-да;
  • migration.gov.kz порталында;
  • электрондық үкімет порталында.

ХҚКО-да қандас мәртебесін алу үшін қажетті құжаттар:

  • өтініш;
  • еркін формада автобиография;
  • өтініш беруші және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын, ұлтын растайтын құжаттардың көшірмелері (қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен);
  • қоныс аудару мақсатына байланысты басқа да құжаттар көшірмесі (туыстық байланысын растайтын құжат, еңбек шарты, оқу орнынан анықтама және т.б.).

Мәртебе беру туралы өтінішті қарау мерзімі – 30 жұмыс күні.

Оң шешім қабылданған жағдайда этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне қандас куәлігі беріледі. Оның жарамдылық мерзімі – 1 жыл.

Мәртебені ұзарту тәртібі

"Қандас мәртебесін ұзарту туралы өтінішті жергілікті атқарушы органға немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына беруге болады. Өтінішке бұрын берілген қандас куәлігінің көшірмесі қоса тіркеледі", - делінген мемлекеттік корпорация хабарламасында.

Мәртебені ұзарту қызметі 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Қандас мәртебесін тек бір рет, 6 айдан аспайтын мерзімге ұзартуға болады. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: