Тоқаев білім беру процесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізуді тапсырды
Фото: Министерство просвещения РК
Тоқаев әлем жаңа технологиялық дәуірге қадам басқандығын айтты.
"Оның басты нышанын инновацияның қарқынды дамуы мен жасанды интеллектінің өмірімізге дендеп енуінен байқауға болады. Сондықтан бүгінде "озық ойлы ұлт" пен "технологиялық ұлт" ұғымдары егіз. Біздің міндетіміз – жаһандық үрдістерге бейімделу. Ол үшін білім беру жүйесіндегі цифрлық трансформацияның қарқынын үдету өте маңызды. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні игеру білім саласындағы теңсіздікті еңсеріп, оқу сапасын айтарлықтай арттыруға үлес қосады",- деді ол.
Сондай-ақ, ол бүгінде еліміздегі мектептердің 95 пайыздан астамы жылдам интернетпен қамтылғанын атап өтті.
"Аталған көрсеткішті 100 пайызға жеткізу керек. Жерсерік жүйелерінің мүмкіндіктерін осы мақсатқа пайдалануға болады. Мұны жай ғана инфрақұрылымға теңдей қол жеткізу мәселесі емес, әлеуметтік әділдіктің маңызды идеологиялық қағидаты ретінде қарастырған жөн. Сонымен қатар озық инновациялық тәсілдер ерекше қажеттілігі бар балалардың толыққанды білім алуына жол ашып, инклюзивті орта қалыптастыруға мүмкіндік беруде. Елімізде мектепке немесе колледжге қабылдау, сондай-ақ басқа мектепке ауысу бойынша барлық негізгі қызметтер цифрлық жүйеге көшірілген. Электронды Үкіметтің мобильді қосымшасында білім саласына қатысты барлық ақпарат жиналған Bilim қызметі жұмыс істеп тұр". Мемлекет басшысы
Оның пікірінше, мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, педагогикалық тәжірибеде жаңа технологияларды да қолдана білуі керек.
"Бірақ алда әлі де ауқымды жұмыс бар. Босаңсуға болмайды. Үкімет пен әкімдер бұл жұмысқа баса мән беруі керек. Мысалы, білім беру мекемелерін тиісті интерактивті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету керек. Оқытуға арналған цифрлық платформалар мен электронды оқулықтар барлық оқушыға қолжетімді болуға тиіс. Бұл ретте оқыту материалдары түгел мұқият сарапталуы керек",- деді ол.
Тоқаев келесі маңызды міндет – балаларға жастайынан жасанды интеллект технологиясын оқыту. Бұл – болашақта жастардың бәсекеге қабілетті озық маман болуына қажетті бірден-бір дағды.
"Бұл педагогтерге де қатысты. Мұғалім өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, педагогикалық тәжірибеде жаңа технологияларды да қолдана білуі керек. Жалпы, білім беру саласын мүлдем жаңа сапалы деңгейге шығару үшін цифрландыру мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдаланған жөн. Сіздер тұтас елімізді технологиялық тұрғыдан жаңғырту ісінде алдыңғы шептен табылып, біздің қоғамды нағыз прогрессивті әрі дамыған ұлтқа айналдыруға ерен үлес қосасыздар деп сенемін".Президент
Бұған дейін мектеп әр бала үшін қауіпсіз жер болуға тиіс екенін айтқан болатын.