"Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Еуразия" Бірінші арнасының басшылары жаңадан тағайындалды

Тағайындау, Руслан Желдібай, Ернұр Бурахан, Ләззат Таңсықбай, Қазақстан телерадиокорпорациясы, Еуразия Бірінші арнасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 19:36 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Еуразия" Бірінші арнасының ұжымдарына жаңа басшыларын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылы 18 тамызда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты:

"Бүгін "Қазақстан" телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды". 

Тағайындау, Ернұр Бурахан, Руслан Желдібай , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 19:36

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ернұр Көшерханұлы 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

Әр жылдары "Qazaqstan" телеарнасының тілшісі және тележүргізушісі, "Қазақстан" телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, сондай-ақ "Қазақ радиолары" ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

Тағайындау, Ләззат Таңсықбай, Еуразия Бірінші арнасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 19:36

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Қазақстан" телерадиокорпорациясын алты жылдан астам уақыт бойы басқарған Ләззат Танысбай "Еуразия" Бірінші арнасының бас директоры болып тағайындалды.

Ләззат Мұратқызы журналистика саласында 30 жылдан аса еңбек етіп келеді. "Astana TV" телеарнасын және "Нұр-медиа" холдингін басқарды. "Қазақстан" телерадиокорпорациясында оның жетекшілігімен "Abai TV" телеарнасы іске қосылды, тарихи телехикаялар мен анимациялық фильмдер өндірісі ерекше серпінмен дамыды, отандық контентті интернет кеңістігінде және шетелдерге тарату ісінде көп жұмыс атқарылды.

 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: