Жамбыл облысында полицейлер ер адамнан 32 келі марихуана тәркіледі
Сурет: polisia.kz
"Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнгі уақытта Шу ауданы Тасөткел ауылының маңында күдікті қолға түсті. Жеке тінту және аумақты қарау барысында полицейлер ерекше иісі бар екі үйінді жаңа шабылған өсімдік жинағын анықтады.
Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат — кептірілмеген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 32 келіден асады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript