Қостанай облысында полицейлер саяжай бақшасына қарасора өсірген тұрғынды әшкереледі
Сурет: polisia.kz
Қостанай облысыныда республикалық "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер тұрғынның бақшасынан тікелей есірткі жеткізу арнасын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тобыл тұрғынының үйінен және жұмыс орнынан марихуана салынған 20-дан астам полиэтилен пакет пен орам тәркіленді. Сондай-ақ оның саяжай ауласында қарасора өсірілгені анықталды. Өсімдіктердің саны — 18 түп, барлығы мұқият күтіп-бапталған.
Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармалары бірлесіп жүргізген тінту шарасы нәтижесінде күдіктінің жұмыс орнынан да, тұрғын үйінен де заңсыз заттар табылды.
Сараптама қорытындысы тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 3,4 келі екенін көрсетті.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript