Туризм және спорт вице-министрі қызметінен босатылды

Туризм және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 20:06 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Ержан Еркінбаев ҚР туризм және спорт вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 29 тамызда Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ол бұл қызметке 2023 жылғы 6 қарашаға тағайындалған еді.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР туризм және спорт вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2002 жылы коммерциялық компанияда заңгер болып бастаған.

Түрлі жылдары коммерциялық құрылымдарда заңгер, атқарушы директор, бас директор болып жұмыс істеген.

"Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының бас директоры, "Медеу" спорт кешенінің бас директоры қызметтерін атқарды. VI шақырылымдағы Алматы қалалық мәслихатының депутаты болды.

2016-2018 жылдары —  Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры.

2019-2021 жылдары — "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы, басқарма төрағасы.

2021-2023 жылдары — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.

2023 жылдан қазірге дейін — Туризм және спорт вице-министрі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: