Алматыда әл-Фараби даңғылындағы газ құбырын жөндеу оқу жылының басталуына байланысты кейінге қалдырылды

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы газ құбырын жөндеу оқу жылының басталуына байланысты кейінге қалдырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2025 11:51 Сурет: Zakon.kz
Алматыда әл-Фараби даңғылы маңында орналасқан ескі газ құбырын жөндеу мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 51 жыл бұрын пайдалануға берілген жерасты газ құбырын қайта жаңарту жұмыстары уақытша тоқтатылды.

"Жөндеу жұмыстарын жаз айларында Луганский және Армянская көшелерінен бастап, әл-Фараби даңғылынан Esentai Mall автотұрағына дейінгі, сондай-ақ әл-Фараби даңғылынан Мендікұлов бульварына дейінгі аумақта жүргізу жоспарланған еді. Алайда ұйымдастыру мәселелеріне байланысты жұмыс басталуы кешіктірілді", - делінген хабарламада.

Сондықтан жөндеуді кейінге қалдыруға шешім қабылданды. Өйткені бұл ауданда көп мектеп пен мектепке дейінгі ұйым орналасқан, ал оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Сонымен қатар жұмыстар әл-Фараби даңғылындағы автокөлік кептелісін одан әрі күшейтуі мүмкін.

Әкімдіктің мәліметінше, орташа қысымдағы қолданыстағы жерасты газ құбыры 1974 жылы пайдалануға берілген, сондықтан оны жаңарту міндетті. Жөндеу жұмыстарын 2026 жылы жүргізу жоспарланып отыр.

Бұл жұмыстар жаз мезгілінде, көлік қозғалысы азайған кезде басталатыны айтылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: