АҚШ-та палестиналықтарға виза беруді уақытша тоқтатты

АҚШ-та палестиналықтарға виза беруді уақытша тоқтатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2025 11:52 Сурет: freepik
АҚШ Палестина азаматтарына көпшілік санаттағы визаларды уақытша беруді доғарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат The New York Times (NYT) газетінде АҚШ ресми өкілдеріне сілтеме жасай отырып жарияланды.

"АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі палестиналық төлқұжат иелеріне арналған қонақ визаларының дерлік барлық түрін беруді кең ауқымда тоқтатты", – делінген басылым материалында.

Шектеулер емделу үшін бару, университеттерде оқу, іскерлік сапарлар, сондай-ақ туыстар мен достарға баруға қатысты визаларға да әсер еткені нақтыланды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл шаралар жөнінде барлық елшіліктер мен консулдықтарды хабардар еткен. Шектеулердің нақты себептері әзірге айтылған жоқ. Дегенмен бұрын берілген визаларға ол шектеулер жүрмейді.

Айта кетейік, 2025 жылғы тамызда АҚШ Мемлекеттік департаменті американдық виза алған 55 миллионнан астам шетелдік азаматтың деректерін құқық қорғау органдары мен көші-қон қызметтері базасындағы жазбаларға сәйкестік тұрғысынан тексеруді жоспарлағанын хабарлаған еді. Егер мұндай деректер анықталса, визаның иесі елден депортациялануы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: