Президент геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуді маңызды міндет ретінде атады

Президент геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуді маңызды міндет ретінде атады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2025 13:01 Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескіргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді.

"Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса, барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес",- деді ол.

Сондай-ақ, Тоқаев келесі жылдың ортасына дейін озық халықаралық стандарттарға сай сертификаты бар зертхана ашу керек екенін баса айтты.

"Оны Ұлттық геологиялық қызметтің базасында құрған жөн. Жер қойнауына қатысты мәліметтің бәрін, ең алдымен, жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы жүйелеп, цифрландыру қажет. Геологиялық барлау саласы ауқымды инвестицияға мұқтаж. Үкімет бұл өзекті мәселені ескеру керек. Геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформалардың заң жүзіндегі және іс жүзіндегі рәсімдерін жыл соңына дейін аяқтау керек".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуге шақырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: