Тоқаевқа Көкшетаудағы "Көк шалғын" жобасы таныстырылды

Тоқаевқа Көкшетаудағы "Көк шалғын" жобасы таныстырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 17:29 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Көкшетау қаласындағы "Көк шалғын" біртұтас қоғамдық кеңістігін қалыптастыру жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоба тұжырымдамасына сәйкес, Мәңгілік алау, Даңқ аллеясы, Тәуелсіздік алаңы және Сағдиев көшесі секілді қаланың ең көрнекті жерлерін үйлесімді сәулетімен және дизайнерлік шешімдерімен ерекшеленетін бірыңғай туристік бағытқа біріктіру көзделген.

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев жоба аясында аумақты көгалдандыру, сондай-ақ автоматты суару жүйесі, құрғақ субұрқақ, декоративті шамдар мен сәнді орындықтар орнату жұмыстары жүргізілетінін айтты. Қопа көлімен және жаңа жағалаумен ұштасатын кеңістік қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы ортаға айналады. Жалпы аумағы 7,5 гектарға жуық жер абаттандырылып, жасыл желек отырғызылмақ.

Президентке "Таза Қазақстан" жалпыреспубликалық акциясы аясында Көкшетауда 7 мыңнан астам ағаш отырғызылғаны туралы баяндалды. Жыл соңына дейін оның саны 11 мыңға жеткізіледі.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы биыл маусым айында пайдалануға берілген жаңа жағалаумен танысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: