Тоқаев: 2028 жылғы Олимпиадаға боксшыларды жан-жақты даярлау маңызды

Тоқаев: 2028 жылғы Олимпиадаға боксшыларды жан-жақты даярлау маңызды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2025 19:25 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа спорт инфрақұрылымын жетілдіру, халықаралық және республикалық жарыстар ұйымдастыру, отандық боксшыларды жаттықтыру, балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ аймақ спортына жағдай жасау аясында қолға алынған шаралар жөнінде баяндалды.

Мемлекет басшысы Қазақстан бокс федерациясының Ливерпульде өткен Әлем чемпионатындағы табысты қызметіне оң баға берді.

Президент мемлекеттің боксты дамытуға баса мән беретінін, бұл бағыттағы жұмыс кешенді түрде жүргізілуге тиіс екенін жеткізді.

Кездесуде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қазақстандық былғары қолғап шеберлерін жоспарлы әрі жан-жақты даярлаудың маңызы атап өтілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: