Астанада полиция заңсыз студияның қызметін тоқтатты
Сурет: polisia.kz
Астана полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қаланың сол жағалауында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің жертөлесінде жұмыс істеген студияның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицияның дерегінше, аталған орын интернет желісінде жарияланған арсыз жарнама арқылы әшкереленді.
Бұл дерек бойынша нысан иесі анықталып, заңда белгіленген тәртіппен тексеру жүргізіліп, жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр.
"Мұндай орындар қоғамның моральдық құндылықтарына, мәдени мұрасына айтарлықтай қатер төндіреді. Әсіресе елорда — рухани әрі мәдени дамудың үлгісі болуға тиіс қала. Азғындыққа құрылған жалған "көңіл көтеру" түрлерінің таралуы жастарға кесірін тигізеді", - деп хабарлады ведомство.
Полиция халықты арсыздыққа итермелейтін, қоғамдық мораль қағидаларына қайшы кез келген әрекет қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript